"Транстелеком" АҚ алдағы үш жылда бес мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты байланыс желісін тартуды жоспарлауда

"Біздің компанияның мәліметтер жалғастыру желісін дамыту бағдарламасы бар. Бұл жұмыспен біздің еншілес компаниямыз - "Транстелеком" АҚ айналысады, - деді Қ. Әбдиев.

"Олар алдағы үш жылға арналған бағдарламаны бекітті, оның басты мақсаты бес мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты байланыс желісін тарту ", - деді ол.

"Бұл жұмыстарды аяқтаған соң біз қазіргі заманғы транспорттық ортаға ие боламыз, ол біздің ақпараттандыру жөніндегі барлық жобаларымызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деді Қ. Әбдиев.