Қазақстан туристік агенттіктер қауымдастығы тасымалдың әлі де екі күнге жалғасатынын айтуда. Себебі кезегін күтіп, 200-ге жуық адам отыр. Осы айдың басында елдегі ең ірі туропертурдың бірі – «Travelsystem» жұмысын кенет тоқтатқан. Сөйтіп, 1400 турист шетелде тентіреп, 4 мың 800 адамның жолдамасы елде күйген болатын. Осы компания кесірінен туристер 1 млрд. теңге шығынға батқан. Ал қаржыны жымқырған турфирма басшысы Роман Хван отбасымен әлдеқашан Еуропа асып үлеріпті. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Денис Кривошеев, Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының төрағасы
:
- «Эйр-Астана-ға» чартерлік рейстер үшін төленген дипозиттер бітті. Ертең соңғыларын жеткізеді. Одан кейін жағдайдың қалай болатынын әзірге білмейміз. Әрі сыртта қалған туристердің нақты санын айту да қиын. Бірақ алдағы аптада шамамен 200-ге жуық адамның мәселесін шешуіміз керек.
Loading...