Заң талқыланып жатқанда, Ішкі істер министрлігі шексіз құзырет сұраған. Яғни, өміріне қауіп төнген жағдайда полицияға ескертусіз оқ атуға рұқсат етуді талап еткен болатын. Ал мұндай мәлімдеменің соңы дауға ұласты. Тіпті кейбір депутаттар тәртіп сақшыларына ондай ерік берсек, азаматтардың тапанша алып жүру құқығын шектемеу қажет деп шүйлікті. Соңында екі тараптың да дегені болған жоқ. Мәжіліс, полицияға ескертусіз оқ атуға, ал тұрғындарға травматикалық қаруды ұстауға тыйым салды.
Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:
-Травматикалық қаруды қазіргі кезде қылмыстық топтар оқпен ататын қаруға айналдырып отыр екен. Сондықтан еркін айналымдағы қаруды әскери қаруға айналдырмас үшін оған тыйым салу керек деп шештік.