"Біз өткен жылы шырағдандарда жанатын газ көлемін 2000 жылмен салыстырғанда 80 пайызға азайттық. Қазіргі міндетіміз 2009 жылдың соңына қарай газ жағуды тоқтату", - деді Т. Леви.
"Атмосфераға шығарылатын қалдықтарға келер болсақ, онда да төмендеу байқалып отыр. 2009 жылы былтырмен салыстырғанда өндіріс көлемінің екі есе артқанына қарамастан атмосфераға шығарылатын қалдық көлемі сол қалпында қалады", - деп толықтырды ол.
2008 жылғы газ жағу жоспары 355 млн текше метрді құрайды. Осы құжатта атмосфераға шығарылатын қалдық бір тонна мұнайға 3,59 кг-нан келеді. "Соңғы 9 жылда ТШО кәсіпорындарындағы атмосфераға шығарылатын қалдық 58 пайызға азайды", - деп көрсетілген баспасөз-релизінде.
Сонымен қатар, Т. Леви 2007 жылдың компанияның күкірт сатудағы рекордтық жылы болғанын хабарлады. "Біз 2 млн тоннадан астам күкіртті сата алдық. Өткен жылы осы өнім бойынша дүниежүзілік экспорттағы үлесіміз 6 пайызды құрады", - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, аталмыш көлем, яғни, 2 млн тонна күкірт өндірісі көлемінің 126 пайызын құраған. Осылайша, күкірт қоры 5 пайызға азайған. "Біз күкірт экспортының мүмкіндігін кеңейту бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Және алдымызға күкірт қорының 7,5 пайызынан арылу мақсатын қойып отырмыз. Біз ол үшін биыл күкірт өндірісінің 136 пайызын сатуымыз керек", - деп толықтырды Т. Леви.