ТШО мердігерлік ұйымдарында зардап шеккен барлық жұмысшылар "сальмонеллез" деген диагнозбен ауруханадан шығарылып тұрғылықты жерлеріне жіберілді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жұмысшыларға қызмет көрсететін 54 нысанды тексеріп, азық-түлік өнімдерінің 172 сынамасы алынған, оның 23-і ғана нормативтік талапқа сай болып шыққан. Тексеру қорытындысы бойынша 5 нысанның жұмысын тоқтату туралы қаулы шығарылып, жалпы көлемі 477 мың 712 теңгенің айыппұлы салынып, 5 санитарлық ескерту беріліп, 8 адам жұмыстан шығарылды.