"Туа сала Ерке қақшаңдап алыпты": Жақында сәбилі болған Ерке Есмахан қазіргі жағдайын айтып, ағынан жарылды

Жас ана өзінің сүйікті тыңдармандарына қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасының "Stories" бөлімінде мәлім етті. Айтуынша бүгінде сәби мен өзінің жағдайы жақсы, олар перзентханадан шығып, үйлеріне жеткен. 

"Сәлем инста, біз үйдеміз және суреттегі "тема" басталып кетті. Туа сала мына Ерке қақшаңдап кетіпті ғой демесін деп. Әрине көз тимесін деп кішкене инстадан алшақтадым үлкендерді тыңдап. Ертең барлығын айтып, көрсетемін. Іздеп жатқандарға рахмет. Бізде бәрі керемет, Аллаға сансыз шүкір" деп жазды ол.