Туатындар да, туғызатындар да ауларың мен бауларыңа ие болыңдар! - белгілі заңгер


Айгүл Орынбектің айтуынша, әлеуметтік желіде оған жеке хабарласып, көмек сұрайтын жалғызбасты әйелдер көп екен. Бәрі - бұрынғы күйеуінен алимент ала алмай жүргендер, деп жазады Caravan.kz.

"Əйелдердің əңгімесін тыңдасам бүкіл қатын тастағыш еркектер өз тұқымына яғни баласына ақшаларын қимайды екен. Айлығын аз көрсетеді немесе мүлдем жұмыссыз" дейді заңгер.

Айгүл осындай тағдыр тәлкегіне ұшыраған әйелдердің біріне ерекше тоқталады. Оны күйеуі үш баламен тастап кетіпті.

"Əйел пəтер жалдап тұрады. Кафеде ыдыс-аяқ жуып, ақша табады. Күйеуі мүлдем хабарласпайды. Балаға алимент төлеуге ақшасы жоқ. Екінші қатыны мен балаларын асырау керек-міс. Əйел балаларын асыраймын деп жүргенде бір қайрымды еркек табылып, Алла разылығы үшін тоқал болуға көндіріпті. Содан не керек, анау еркекке сенімхат жазып, балаларымен бірге шет елге қыдырып барып тұрған. Бір екі-рет барып келген соң, үшіншісінде балаларын тастап өздері кеткен. Енді анау еркек жоқ дейді. Жалған құжат жасап, уақытша күйеу болған адамды таба алмай жатыр екен. Сорлы əйел тығырықтан шығамын деп осылай сорлап отыр. Баланы асырай алмайсыңдар ма тумаңдар, тудыңдар ма асыраңдар! Баланың обалына қалмаңдар! Құдай береді деген заман жоқ қазір. Қəзір Құдайдан безген, адам сататын адамдар бар! Сол үшін абай болыңыздар! Туатындар да, туғызатындар да ауларың мен бауларыңа ие болыңдаршы!" деп жазбасын аяқтайды Айгүл Орынбек.