Тубдиспансерде өрт шығып, 38 адам тірідей өртеніп кете жаздады


Шарпыған жалынның лезде күш алуынан, бас дәрігердің жеке кабинеті және соған жапсарлас орналасқан қабылдау бөлмесі әп-сәтте жанып кеткен. Ұшқыннан ғимараттың екінші қабатындағы науқастар бөлмесі де өртке ораныпты. Ондағы екі емделуші ажалдан құтқарылса, тағы 36 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір төтенше жағдайдың себептері анықталуда.