Туберкулезден ит пен борсықтың майымен емделу қателік - Маман

Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі мәлімдеді:

"Біздің науқастардың арасында "иттің майын, борсықтың майын ішсем, құлан-таза айығып кетемін" деген жаңсақ түсінік бар. Туберкулездің ең негізгі емі - спецификалық препараттар. Ауру асқынып тұрғанда "иттің майын ішіп жазыламын" деген дұрыс емес. Әрине, жақсы, майлы, калориялы тамақтар жеу керектігіне таласымыз жоқ. Ауруды жұқпалы сатысынан спецификалық препараттармен емдеп шығарғаннан кейін тиімді тамақтану үшін ас мәзіріне иттің майын қосқаннан гөрі қымыз ішіп-ақ тағамды көбірек қолданған жөн", - дейді Гүлмира Амангелдіқызы

Маманның айтуынша, туберкулезбен ауырмау үшін денені шынықтырып, спортпен айналысу керек. Таза ауаға да жиі шыққан пайдалы. Жұмыс орныңызда  бір сағат отырсаңыз, арасында 10 минуттай далаға шығып, таза ауа жұтып келген дұрыс. Егер бір бөлменің есік-терезесін ауа өткізетін саңылау қалдырмай қымтап, туберкулездің жұқпалы сатысындағы бір адамды және сап-сау үш адамды қамап қойса, үш адамға инфекция жұғуы мүмкін. Ал далада, таза ауада, терезесі ашық көлікте, ғимаратта инфекцияның жұғу қаупі төмен", - дейді дәрігер. 

Туберкулезбен күресу тек диспансердің, ауруханалардың, медицина қызметкерлерінің ғана міндеті деп қабылдауды қою керек.

"Әр адам өз денсаулығы үшін алаңдағанда, осы дертпен күреске ден қойылғанда ғана дертті жеңу мүмкіндігі туады. Сөзімнің соңында туберкулез емделетін ауру екенін тағы ескерткім келеді. Дәрігер тағайындаған емді үзбей жасап, салауатты өмір салтын ұстанса, дұрыс тамақтанса, құрт ауруынан құлан-таза айығып кетуге болады. Қазақстанда туберкулез емделеді: туберкулезді анықтаудың инновациялық жеделдетілген әдістері мен оны емдеудің халықаралық стандарттарға негізделген әдістері әрбір азаматқа тегін негізде қолжетімді", - деп қорытындылады Гүлмира Медеубаева.

Айта кетейік, Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2017-2018 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес, Қазақстан 2017 жылдың қорытындысы бойынша "Туберкулездің таралуы" ("Tuberculosis incidence") факторы бойынша өзінің жағдайын 2016 жылмен (138 елдің ішінен 92-орын алған) салыстырғанда 2 позицияға жақсартты және 138 елдің ішінен 90-орын алды.


Қазақстанда туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу жағдайы 2,4 есеге төмендеп, 2017 жылы 100 мың халыққа шаққанда 2007 жылғы 126,4-ке қарсы 52,2 болған. Өлім-жітім жағдайы 100 мың халыққа шаққанда 6 есеге төмендеп, 3,0 болды. 

Қазіргі таңда Астана каласында туберкулездің эпидемиологиялык ахуалын бақылау басым бағыттардың бірі болып отыр. Астана қаласының әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасының тұрақты қолдауы нәтижесінде Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы күрес Ұлттық бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын кешенді шараларының бірі - аурудың төмендеуі байқалады. 

Мамандардың тынымсыз ізденісі, сауатты ем-дом, осы дерттің себеп-салдарын қоғамның дұрыс түсінуі, үгіт-насихат жұмыстары біз ойлағаннан да жақсы нәтижеге жеткізді. Егер адам салмақ жоғалтса, қызуы көтерілсе, көкірек тұсына шаншу қадалса, өзінен-өзі терлеп-тепшіп жүрсе, дәрігерге көрінуі керек. Бұл - аурудың негізгі белгілері. Адам жақсы тамақтануы керек.

Оқи отырыңыз:

Солтүстік Қазақстанда туберкулезбен ауыратын балалар саны көбейген

Оралда балабақша медбикесінен туберкулез анықталды

Түркістанда жаппай туберкулез жұқтыру оқиғасынан кейін мекеменің басшысы қызметтен кетті