Туды қорлаған әншілерге қатысты ІІМ-ге ашық хат жолданды (ФОТО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Turkystan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қайраткер ашық хатта әншілердің сахна әдебін сақтамай, мәдениетсіздігімен Туды қорлағаны халықтың ашу-ызасын келтіргенін айтты.

«25 мамыр күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ сарайында өткен «Ирина Кайратовна» тобының концертiнде әншiлер, оның iшiнде «Shiza» лақап атты әншi сахнада мәдениетсiздiгiмен туды қорлады, сахна әдебін сақтамады. Әрбір қазақ азаматының намысына тиетін әрекетке барған видеосы жарияланды. Бұл өз кезегінде халықтың ашу-ызасын келтіріп, түрлі әлеуметтік желілерде кеңінен тарады», – деп басталған ашық хатта.

Сондай-ақ хатта бұл жағдай аяқсыз қалдырылмай, әншілерге заң жүзінде жаза қолданылу керек екенін жеткізілген. Ашық хатқа ҚР Ебек сіңірген қайраткерлері мен жазушылар қол қойып, тиісті құзырлы органдарға жолдады.

«Аталған жағдайды аяқсыз қалдырмауды заңмен жазалауды талап етемiз. Жас ұрпактын тәрбиесi үшiн аландаймыз, жарқын болашақты күтетін болсақ, Бiз өнердi және өнерге деген кұрметті калыптастыруымыз керек.

Келешекте де осындай бассыздықты болдырмау және алдын алу үшiн барлық зандық шараларды қабылдау керек. Өтiнiмдi аяқсыз қалдырмай және дер кезiнде заң аясында жауапқа тартуды сұраймыз», – делінген ашық хатта.