Туған ағасын пышақтаған ОҚО тұрғынына қатысты сот үкімі шықты


сотталушы Н.Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметінен. 

«Сот отырысы барысында, сотталушы Н.Н. 21.03.2015 жылы сағат 22:30 шамасында, өзінің тұрғын үйінің ас ішетін бөлмесінде туған ағасымен арасында туындаған ұрыс-керіс барысында, ашуменен асханалық пышақпен жәбірленуші Н.Н.-ның сол жақ кеуде тұсына тығып алып, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені анықталды», делінген хабарламада. 

Мақтаарал аудандық сотының үкімімен Н.Н. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.