Бұл жолы туған қызын зорламақ болған көпбалалы әке жайлы жазды, деп хабарлайды,Caravan.kz медиа порталы
«Бірінші рет ол осы жылдың 28 сәуірінде пандемия кезінде қоңырау шалды. Әйелдің айтуынша, күйеуі 4 жасар қызын ұрып тастаған. Ол көп балалы ана болғанымен, отбасында жалғыз асыраушы болды. Күйеуі жатыпішер және ішімдікті жақсы көреді. Әйел балаларды жақсы көретін, үлкен отбасын армандайтын және кез-келген қиындықтан қорықпайтын еңбекқор. Мен оған таң қалдым, ол осындай үлкен отбасы екеніне қарамастан қалай жүкті болды және пандемия кезінде өз еркімен, көпбалалы отбасыларға көмектесті», деп жазды Дина Смайлова.
Мәліметтерге қарағанда келіншек жетінші баласына жүкті, олар үнемі жалдамалы пәтер ауыстырып жүреді.
«Менің қызым ойыншықтарды жинап, сөмкелер мен қораптар арасында ойнап жүргенде кенеттен көйлегі түріліп қалды, баланың арқасынан көгерген ізді байқадым. Көйлегін шешкен кезде тағы бірнеше жарақатты көрдім. Қызымнан не болғанын сұрай бастағанда «әкем мені қатты ұрды» деп айтты» деген жәбір көрген қыздың анасы.
Осыдан кейін аталған дерек полицияда тіркеліп, сот болады. Отбасы ажырасады, бала сабаған еркекке айыппұл салынады. Біраз уақыттан соң олар қайта қосылады, күйеуі балаларға қол көтермеймін деп сөз берген.
5 қарашада "Не молчи" қорының whatsapp-тағы шұғыл желісіне әйел сол соққыға жығылған 4 жасар қызын күйеуі зорламақ болғаны туралы хабар жолдайды.
Смайылова қазір күдікті еркектің қамауға алынып, тергеу жүріп жатқанын айтты.
"Бұл бірінші мәрте болған жағдай емес екен. Сол күні ол үйге мас болып келген, үй толы бала екеніне қарамастан қызды бөлек бөлмеге алып кетеді, ал балалардың ішіндегі ересектеу ұлға жатын бөлмеге кірмеңдер деп ескертеді. Бұл кезде анасы кішкентайын емізіп отырыпты. Ұлы жүгіріп келіп, қарындасын әкесі жатын бөлмеге алып кіріп кеткенін, онда ешкімнің кірмеуін талап еткенін айтады. Сол кезде орнынан ұшып тұрған әйел жатын үйге қарай тұра жүгіреді, есікті ашып, жарықты жаққанда масқараның куәсі болады", - деп жазады Смайылова.