Туған әкесін қатігездікпен өлтірген жігіт 9 жылға сотталды


Естеріңізге сала кетсек, 23 жастағы жігіт әкесінің ішімдікке салынғанын көтере алмай қол жұмсаған болатын. Осындай кезекті ішудің бірінде туған жанжал кезінде ол әкесін бастан ұрып құлатып, кейін мүрдесін бөлшектеп тастаған. Қолдарын пышақпен, аяқтарын арамен асықпай кескен қаніпезер артынша қан іздерін жуып-шайып, мәйітті құдыққа тастап кетіпті. Енді аса ауыр қылмысы үшін ол 9 жыл өмірін қатаң тәртіптегі колонияда өткізуі тиіс.