Бұл туралы ол Instagram-дағы сторисінде хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"Туған күнімде балаларымның жанында болуға барымды салсам да бұйырмады. Алла хайырын берсін! Ақ жол", - деп көзіне жас алды Қайрат Нұртас.
Бұл әншінің балаларынан жырақта жүргенін растағандай болды.
Қайрат Нұртастың бұл видеосын көрген оқырмандар Жұлдыз Әбдікәрімованың инстаграм парақшасына "Жұлдыз Қайратты неге жылатасыз? Тым жақсы жарыңды бір кешіре салшы. Сторисін қарап сен де онымен бірге барғанда жақсы болар еді", "Жұлдыздың да құқығы жоқ қой Қайратқа балаларын көрсетпеуге. Кінә екі жақтан болады. Измена жасаса да кінәсі жоқ әкесімен бірге болу керек", "Қайраттың өзі де жігіт емес пе? Бала таптырғанды біледі, балдарының маңдайын сипап келіп, жүрсе де болады ғой", "Қайрекеңе қайт жеңеше", - деп пікірлерін білдірді желі оқырмандары.