Туған қызын 700 мың теңгеге сатпақ болған келіншекке қатысты сот басталды


Мына Ирина есімді келіншек екі жылдан бері нашақор және ішімдікке салынғандар санатында есепте тұр. Есірткіге елірген қос көңілдес 5 жасар бүлдіршінді әлдекімге сатпақ болып, ақша алып жатқан кезде қолға түсті. Сот отырысында ол қылмысын жартылай ғана мойындады. Қызымды тек демалыс күндері алып кетуге ғана келістім деп ақталуда. Ал бес жасар қызы болса қазір уақытша бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатыр. Сот үкімінен соң ол жетімдер үйіне жіберіледі.