Туған қызын зорлап жүкті қылған азғын әке сотталды


39 жастағы әкесі туған қызын бір жыл бойы зорлап келген. Жеткіншектің жүкті болып қалғаны тек 6 айдан соң анықталыпты. Қылмысы өлі туған шақалақты сараптамадан өткізгенде ғана әшкере болған. 16 жылға түрмеге түскен азғын әкенің артында 6 бүлдіршінмен 7-сіне жүкті әйелі қалды. Жантүршігерлік  іске барған жауыз енді жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.