«Туған жездесінен жүкті болып қалған»: Талдықорғанда апалы-сіңлілі қыздарға қатысты сұмдық жайттың беті ашылды

Өңірдің білім басқармасының сөзінше, 2008 жылғы қыз толық емес отбасынан болған. Оның анасы небары 4 жасында болғанда қайтыс болған. Әкесі үлкен қызы бар әйелмен екінші рет шаңырақ құрған. Осы өгей әпкесінің күйеуі оқушы қыздың баласының әкесі болып шыққан.

Қазіргі таңда аталған іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Ал оқушы қыз әпкесінің күйеуімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындаған. Ол жездесі оны зорламағанын, екеуі де бұл әрекетке өз келісімдерімен барғанын айтқан. Оқушы қыз алдағы көктемде босануы тиіс.