Бұл туралы жергілікті парақшалардың бірі хабарлайды, деп жазады Сaravan.kz.
“Патриот" Telegram-парақшасы ұсынған мәліметтерге сәйкес, орман өртінде қарағандылық өрт сөндірушілердің көлігі тұтастай жанып кеткен. Абырой болғанда өрт сөндірушілер аман қалған.
Сондай-ақ олар орман өртінің жалыны тым биік екенін, сол себепті өрт сөндірушілерге тілсіз жауды ауыздықтау қиын соғып жатқандығын хабарлайды. Өкініштісі, БАҚ беттерінде өртте тағы бір адамның із-түссіз жоғалғаны жайлы хабарланып жатыр. 36 жастағы тракторшы Архипов Сергей тракторымен 9 маусым күні өрт сөндіруге кетіп, сол күйі оралмаған.
Айта кетерлігі, аталған ұлттық трагедияға байланысты бүгін Қазақстанда аза тұту күні жариялаған.
Loading...