Түлкібас алмасы брендке айналады

«Қазіргі таңда ауданда 2800 гектар жерде алма егіліп, әр гектарынан 4 тонна өнім алынады. Облыс әкімі А.Мырзахметов осы өңірдің бау-бақша егуге қолайлы болуына орай бағбандық шаруашылықты қолға алуды тапсырған болатын. Осының негізінде биыл тағы қосымша 500 гектар жерге алма ағаштарын егу жоспарлануда», - делінген хабарламада.


Алдағы жылдары түлкібастықтар алма бағының көлемін ұлғайтып, Түлкібас алмасын қайтадан еліміз бен алыс-жақын шетелдерге танымал брендке айналдыруды көздеп отыр.