«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарына үлкен жеңілдіктер жасалатындығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Компания ақпаратына сәйкес, «Турист», «Бизнес» және «Гранд» вагоны үлгілеріне 25 қаңтардан бастап 40 пайызға дейінгі қосымша жеңілдіктер жасалады.
Сонымен қатар, бұрын енгізілген икемді жеңілдіктер мен жолаушылардың 3 тобына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады:
1) «Құрмет» - 60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30%;
2) «Жастар» - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30%;
3) «Саяхатшы» - тұрақты жолаушылар үшін 10% до 20%.
Осылайша, дисконт картасы бар жолаушы жаңа жеңілдіктер жүйесін қоса алғанда «Гранд» пен «Бизнес» вагондарында билеттерді 75 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады.