“Тұлпар-Тальго” пойызының вагондары жүріп келе жатып, ажырап кеткен

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қарағанды облысының Мойынты бекетінен өткен электровозды тұрғындар видеоға түсіріп алыпты.

Бейнежазбадан пойыздың қатты жылдамдықпен вагондары ажыраған күйде келе жатқанын анық көруге болады. Бірақ «Жолаушыларды тасымалдау» акционерлік қоғамының мамандары бұл жерде арнайы сынақ өткізіліп жатқанын айтып, жұртты сабырға шақырды. Ақпараттық агенттіктерге берген сұхбатында «Тұлпар-тальго» компаниясы директорының орынбасары Владимир Киселев сынақтардың әлі екі күнге жалғасатынын айтқан. Сөзінше,  мұндай оқулар жиі әрі өзге пойыз жүрмейтін жерлерде өткізіледі.


“Біз Қарағанды облысының Киік-Мойынты стансасында жаңа жобаны сынақтан өткіздік. Қазір тежегішті сертификаттау сынақтары жасалып жатыр. Вагондар ажырап қалған жоқ”-, дейді «Тұлпар-Тальго» ЖШС өндірістік директорының орынбасары Владимир Кисилев.