Тұманды Альбионда некені ақшаңқан киіз үйде қию сәнге айналып барады - БАҚ-қа шолу


Қазақстан егемендігін жариялап, тәуелсіздік алған жылдардан бері спорт саласында дәл биылғы тәрізді толағай табысқа жеткен емес. Қазақ елінің спорт саңлақтары осы жылы өткен XXX Лондон Олимпиялық ойындарында тарихта тұңғыш рет жалпы командалық 12 орынға табан тіреді. Сөйтіп, әлемдегі ең ірі спорт державаларының маңайынан ойып орын алып, алғашқы жиырмалықтың алдыңғы легін бастады. Бұл, сөз жоқ, Елбасының Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері спорттың дамуына ерекше көңіл бөліп, қамқорлық жасап келе жатқанының арқасында мүмкін болды. Осы спорт саласындағы жетістіктеріміз арқау болған мақала «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында «Қазақ абыройы асқан жыл» деген тақырыппен беріліп отыр.

***

«Бұдан былай британдық қалыңдықтар әдемі ақ көйлек пен бриллиант қондырылған неке сақинасынан ғана армандамайтын болды. Тұманды Альбионда неке қию рәсімін ақшаңқан киіз үйде қию сәнге айналып барады», - деп жазады «Экспресс К» газеті «И вечный той, покой им только снится» деген тақырыптағы мақаласында. Үлкен шатырда олар 100-деген қонақты күтсе, ал екі адамға арналған шағын ғана киіз үйде жас жұбайлар жұлдызды аспан аясында алғашқы неке түндерін өткізеді.

Осы басылымның атап өтуінше биыл Қазақстанның тәуелсіздік күні алғаш рет Финляндия, Бразилия және Индонезия елдерінде аталып өтілген. Мәселен, Финляндиядағы дворяндар қауымының тарихи сарайында Қазақстан елішілігі қабылдау өкізген. Шараға фин Президенті Әкімшілігінің жоғары лауазымды қызметкерлері, депутаттар, дипломатиялық корпус өкілдері, сонымен қатар сол елдегі қазақ диаспорасы қатысқан.

***

«Астанада арбаға таңылған мүгедектерге жаңа қызмет түрі көрсетіле бастады», - деп жазады «Литер» газеті сенбілік санындағы «Такси заказывали?» деген тақырыптағы мақаласында. Басылымның атап өтуінше, мүмкіндігі шектеулі елордалық тұрғындар үйлерінің дәл алдына дейін тек өздеріне ғана арналған арнайы таксиді шақыра алады. Оның көмегімен олар қаланың кез келген жеріне еркін барады әрі такси қызметін тегін пайдаланады. Бүгінде қалада мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдайтын 6 көлік жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы да 10 машина атып алу көзделген.