Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, елдегі жағдай біртіндеп түзеліп келеді.
Тұмау басылып жатыр, 15% төмендеу бар. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қабылдаған шаралар өз нәтижесін беріп жатыр, – деді еліміздің бас дәрігері.
Сонымен бірге ведомство басшысы инфекциялық төсектердің толымдылығы шамамен 60% деңгейінде екенін айтты.