Тұмауды емдеудің тоғыз тәсілі

Бұл туралы Massaget.kz хабарлады.  

Жапон әдісі 

Бұл елде тұмаумен ауырған адам  үйіне келгеннен кейін міндетті түрде 10 кесе жасыл шәй ішеді екен. Цейлон шәйі бұл елдің тұмауда қолданатын басты қаруы.

Қытай әдісі 

Олар тұмау тисе нүктелі массажға жүгінеді. Ауырған қытайлық күніне 3 рет сұқ саусағының ұшымен 9 рет сағат тілінің бойымен кері бағытта массаж жасайды. Иммунитетті көтеруге әсер ететін нүктелерге: маңдайдың балапан шаш өсетін аймақтары,қастың ішкі бұрышы, мұрын қырлары, мойынның арқаға көшу жерлері жатады.

Үнді әдісі 

Тұмаумен ауырғанда үндістер түрлі тастарды ем ретінде қолданады. Тастардың  ағзадағы вирусты жоятын  шөп секілді биологиялық күші бар. Бұл әдісті әбден қыр-сырын меңгерген нағыз маман емшілер ғана қолданады. Тастың ауамен әсері бар. Ол денедегі жағымсыз дүниелерді алады екен.

Тибет тәсілі 

Тибет адамдары мүлдем ауырмайды десек те болады. Олар 5 жылда 1 рет ескі рецеппен жасалған сарымсақ-спиртті тұнбаны жасайды. Кейін соны ерекше нұсқау бойынша қабылдайды. Балғын сарымсақтың 350 грамын алып, оны бірнеше бөлікке бөліп, қабығын тазалайды. Ағаш немесе мыстан жасалған ыдысқа салып 30 минутқа бөлме температурасына қою керек. Содан кейін оның үстіне 96 пайыздық спиртті құю керек. Тағы да 10 күнге тұндырып қоямыз. Кейін тамақ ішер алдында мөлшермен ішіп отырсаңыз ауырмайсыз.

Америкалық әдіс 


Олар суық тисе коктейль сусындарын ішеді. Жалбыз бен лимон, бал мен сарымсақ қосылған коктейльдер олардың тұмауға қарсы құралдары. Сонымен қатар, алма лимонадын қолданады. 1 стакан қайнаған суға 1-2 ас қасық лимон уксусын және дәл сол мөлшерде бал қосып, ыстық күйінде ішеді.

Грек әдісі

Гиппократ сусыны бұл елді тұмаудан сақтайды. Олар аяқтарын ыстық суға малып, екі кесек апельсин және екі кесек лимонның үстіне екі стакан қызыл шарап құйып, 1 ас қасық бал, 2 қалампыр гүлінің сабағын және бір шөкім аршынды салып қайнатады. Аяқтары ыстық суда тұрғанда сол сусынды ішеді.

Мексикалық тәсіл 

Олар антигриппин және аспирин ішуге бейім. Сонымен қатар, ұнтақталған қара бұрышты күніне 3 рет қабылдайды. Сұйық сорпаларға да соны қосады.

Орыс тәсілі 

Жуамен, сарымсақпен, ақжелкекпен емдейді. Ақжелкектің тамырын ұнтақтап, дәкеге салып кеудеге, арқаға басады. Аяқты горчичникпен қыздырады.

Испан тәсілі

Олар теңіз тағамдарын қолайлы деп санайды. Қызыл етті, бауырды, майлы теңіз балығын сорпа қылады. Сонымен қатар түстері қанық жемістерді көп қолданады. Тұмауға осылай алдын-ала қарсы тұрады.