Түнде Алматыны дүрліктірген оқиға арнайы операция болып шықты

Бұл туралы ІІД-не сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, бұл үшін Фурманов көшесі мен Жаңа алаң қоршауға алынған. Олардың сөздерінше, атылған қару дауысы естілген. Бірақ полиция қызметкерлері атыс туралы мәліметті жоққа шығарды.

«Атыс болғаны туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды. ІІД-нің қызметкерлері тарапынан жедел шара жүргізілді, соның нәтижесінде қылмыстық құқықбұзушылық жасаған екі күдікті қолға түсті»,-деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.