Тұңғыш президент қоры үздіктерді марапаттады


Жеңімпаздар арасында опера әншілері Жұпар Ғабдуллина мен Болат Есімханов, үздік балет бишісі Дмитрий Сушков та бар. Қатарынан бесінші рет ұйымдастырылып отырған шарада дәрігерлер, физика, химия саласының да білгірлері шет қалмаған. Ең үздік сәулетші атағын Мемлекеттік археология және этнография музейінің авторы Қанат Қорғанов иеленді. Лауреаттардың қатарында ақпараттық бағдарламалар аталымы бойынша әріптесіміз Алексей Шахматов үздік шықты.