Тұңғыш Президент қоры үздіктерді марапаттады


Анвара Садықова, Тұңғыш Президент қоры жанындағы Өнерпаз жастар кеңесінің төрайымы:

-Тұңғыш Президент қоры жыл сайын дарынды жастардың талантын шыңдау үшін байқау жариялайды. Мұндай игі шаралар Қазақстан жастарының қанатын қатайтып, биікке самғауына ықпал етеді. Болашақта олар елімізді әлемдік деңгейге көтереді деп сенеміз.

Түрлі саладағы ізденімпаз жастарды қолдауға арналған шараларды қор жиі ұйымдастырып тұрады. Білім мен ғылымды, өнерді дамытамын деушілерге демеу болып, олардың бұдан әрі шетелде білім алуына ықпал жасауда. Жүзден жүйрік шыққандар Тұңғыш Президент қорында лауреат атанған өнер жұлдыздарымен жүздесіп, бір серпіліп қалды. Сондай-ақ, Абай атындағы Опера және балет театрының симфониялық оркестрі, опера және эстрада әншілері өнер көрсетті.