Тұңғыш Президент қоры жас ғалымдардың басын қосты

Әлемге өзінің инновациялық тың жобаларын танытқысы келген жастар да жетерлік. Олардың жұмыстары бірінен-бір асады. Мәселен, электр қуатын өндірудің жаңа жолдары мен адам ағзасына пайдалы тағам жасау әдістері көптің қызығушылығын тудырды. Осындай дарынды жастарды қолдап, еліміздің инновациялық деңгейін арттыруға ат салысқан Тұңғыш Президент қоры екенін айта кетейік. Енді осы байқауда үздік шыққандарға қор атынан стипендия тағайындалып, сыйлықтар тарту етілмек.


Махмұт Томанов, Тұңғыш Президент қоры жанындағы жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары:

-Өзінің инновациялық жұмысын ұсынғысы келетін жастарды біз жыл сайын жинап тұрамыз. Ондай дарынды азаматтар еліміздің дамуына өз үлестерін қосады деп сенеміз. Сондықтан жобасы үздік деп танылған талаттарды біз қолдап, оны жүзеге асыру үшін көмек беруге әзірміз.