Тұңғыш Президент қоры жүздеген оқушыға мектеп құралдарын тегін таратты

Бұл игі шараға көп бабалы отбасыдан шыққан оқушылар мен жетім және мұқтаж балалар шақырылды. Тұңғыш Президент қоры оқушыларға осылай жәрдем беруді жылдағы дәстүріне айналдырған. Бүлдіршіндер сыйлықтарын алып қана қоймай, Оқушылар сарайы өнерпаздарының концертін де тамашалады. Жалпы, жиналғандар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Арман Арғынбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

–Акция жасағандарына өте қуаныштымыз. Өйткені қазір көптеген отбасылардың балаларын мектепке дайындауға қаржылары жоқ, жағдайлары болмайды. Осындай акциялар көбірек болса.  Төрт баламның үшеуі мектепте оқиды. Солардың бірі Тұңғыш Президент қорынан көмек алып жатқанына ризамыз.