2013 жылдың 3-4 наурызында Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында тұңғыш рет балалар мен жасөспірімдер арасында «Жас толқын» облыстық ән байқауы өтеді. Байқау ҚР білім мекемелеріндегі кешенді тәрбие жұмысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілуде. Облыстық байқауды Өскемен қаласындағы «Нұр орда» халықаралық мектебі Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасымен және «Алақай» ән студиясымен бірлесіп ұйымдастырады. Байқаудың мақсаты жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге, тарихын білуге, дінін, тілін құрметтеп, тәрбиелеуге; ұлттық мәдениетті сыйлауға тәрбиелеу; Отандық компазиторлар мен жазушылардың шығармашылығын қолдау; балалар мен жасөспірімдер шығармашылық ұйымдарының репертуарын авторлық озық туындылармен толықтыру; балалардың бойында музыкалық – эстетикалық тәрбиені жетілдіріп, олардың орындау шеберлігін артыру болып табылады.
Байқау «Эстрадалық вокал» номинация бойынша өткізіледі.
а) Қазақстан композиторларының балалар әндері
ә) Қазақ халық әндері
б) Қазақстан композиторларының тарихи әндері
в) Қазақстан композиторларының патриоттық әндері
Байқауға қатысатын балалардың жас ерекшіліктері:
- Кіші топ – 6 жастан 8 жасқа дейін;
- Орта топ - 9 жастан 11 жасқа дейін;
- Жасөспірімдер тобы – 12 жастан 14 жасқа дейін;
- Жоғарғы топ – 15 жастан 17 жасқа дейін;
Байқауға қатысушылар өз әндерін мемлекеттік тілде орындайды және
байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.