Тұңғыш түркімен байланыс спутнигі орбитаға шығарылды


Ұшыру сағат 19:03-те (мәскеу уақытымен 02:03) ойдағыдай жүзеге асырылды.

TurkmenAlem52E геостационарлық спутнигін Түркіменстан үкіметінің тапсырысымен Thales SA және Finmeccanica SpA бірлескен кәсіпорнының Thales Alenia Space компаниясы жасап шығарды.

TurkmenAlem52E Түркіменстаннынң тұңғыш телекоммуникациялық ғарыштық аппараты болды. Ол 1,2 млрд.-тан астам адам тұратын  Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аумағында телехабарлар жүргізуге және басқа да байланыс қызметтерін көрсетуге пайдаланылмақ.