"Түнгі екі жарымда жорыққа шықтым": Қазақ қыздарын арашалаушы жігіттің кезекті оқиғалары

Ұлттық намысты таптатқысы келмейтін Жәнібек бұл жолы да басқа ұлттардың қолтығында кетіп бара жатқан қазақ қыздарымен бір түнде болған бірнеше оқиға жайлы баяндапты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Бүгін түнде сағат екі жарым шамасында жорыққа шықтым.
Көшеде скутермен аралап келе жатсам,
екі қыз тәкси тоқтатып тұр екен.
Такси тоқтады, сосын біреуі отырды да, екіншісі сонымен қоштасып, ары қарай қараңғы көшемен жаяу кетті.
Бір қарасам анандай жерден екі орыс жігіт жүгіріп келіп, жаяу кетіп бара жатқан қазақ қызға "неге уақытынан бұрын қашып кеттің" деп қызды жұлқылап жатыр.
Сөйтсе қыз жезөкше екен.
Ана екі орыстың ақшасын алып ерте тайып отырған екен.
Жезөкшелер екі орыс жігітке "біз туалетке барып келеміз" деп қашып кеткен сияқты))
Қызға көмектесейін десем, жезөкше екен.
Содан "ой қойшы" деп кетіп қалдым.

"Ертең мені қамаса, жезөкше атаулы қаптайды". Қазақ қыздарының өзге ұлтпен көңіл қосуына қарсы күресуші жігіт

Одан кейін бір тәжік еркегі мен қазақ қыздың кетіп бара жатқанын көрдім.
Бірақ бұлар басқа .
Бұл екеуінің артынан тағы бір тәжік аңдып келе жатыр.
Сөйтсе екеуі дос екен.
Бір уақта тәжік қазақ қызды парктің қараңғы жеріне алып келді.
Ал мен болсам, алыстан бақылаудамын.
Бір уақта үш қазақтың жас жігіттері кетіп барады екен.
Соларды тоқтатып қасыма серік қосып алдымда, әлгі тәжікті қорқытып, қуып жібердім.
Ал қызды тырп еткізбей, ақылымды айтып, "ендігәрі қайталаушы болма" деп біраз айтатынымды айтып-айтып тастадым да, 'қайт үйіңе" деп жібере салдым.
Қыз болса, бізден кешірім сұрап, енді қайталамайтынын айтты.

Сөйтсе екеуі көшеде енді ғана танысқан екен.


Екі тәжік көше қаңғып, қыз іздеп жүргенде, еркек іздеп жүрген қызға жолығып қалған.
Қыз Алматы облысындағы Калинин деген жердің жап жас қызы екен.
Жас мөлшері 19 ,20 жастағы сиякты.
Қарасам, әп әдемі қыз екен.
Айттым қызға, аяғы шуаш жүн тәжікті не қыласың,, оданда қазақ жігіттермен таныс дедім.
Ал, екі тәжік көк базараа сатушы боп жұмыс жасайды екен.
"Мені танисыңба" десем, таним дид)
Бұл тәжікті жақын арада тағы қақпанға түсіретін сияқтымын.
Ол келесі жолы тағы қайталаған кезде, камераға түсіріп, фейзбукке салам.
Бұл тәжіктер тағы қайталайтынына көзім жетіп тұр..
---------
Әлгі үш қазақ жігіттің біреуі мені ютубтан дауыс арқылы танып қойды.
Сол үш қазақ жігітімен қоштасарда, беттеріне қарасам, маған қиын разы боп рухтанып қалгаанын байқадым.
Мен сақалды тәжікті қорқытып жатқанда, бұл үшеуі ештеңе демей сыртымнан қарап тыңдап тұрған еді, деп жазды
Жәнібек Иманмәзір

Жәнібек Иманмәзір бұған дейін қазақ қыздарымен жүрген түріктерді қорқытып, ал қаракөз қыздарға ақыл айтқан болатын.