Түнгі клуб күзетшісі травматикалық тапаншадан жарақаттанды - Семей


Қала полициясының анықтауынша, түнгі клубтың алдында орын алған дау-дамай барысында оған белгісіз жігіт травматикалық тапаншамен атқан.

Жедел қызметкерлер 22 жастағы қылмыскерді аты-жөнін анықтап, ұстады. Одан «Оса-Лазер» травматикалық тапаншасы тәркіленді. ҚР ҚК 257-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды.