Түнгі клуб маңында адам өлтірген күдіктілер ұсталды


Бұл туралы ТВК арнасы хабарлады.  

Полицейлер “Пандора” клубында төбелес шығарып, кісі өлтірген үш азаматтың екеуін құрықтады. Олар, бүгінге дейін, жалдамалы пәтерлерде бас сауғалап келген. Ал үшінші азамат әлі күнге іздестірілуде. Оларға қатысты ҚР ҚК екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қайғылы жағдай қаладағы “Пандора” түнгі клубының жанында 16 қараша күні түнгі сағат 4-00 дер шамасында орын алған. Көңіл көтеруге келген жастар, сөзге келісе алмай ерегістің аяғы атыс қаруын пайдаланумен тәмамдалған. Салдарынан, бірі азамат оққа ұшып, ауруханаға жетпей жан тапсырған болатын.