Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Рауан Дарханұлы 2001 жылы туған, Тараз қаласынан. Измирдегі Докуз Эйлуль Университетінің тіл курсына биыл түсті. Жат елге барғанына 20-ақ күн болған.
22/10/22 кешкі 20-00 бірге оқитын достарымен “Горилла” клубына барады. Бәрі сыртқа шыққанда соткамды ұмыттым деп ішке кірген жігітті содан бері жан баласы көрген жоқ. 15-20 минут сыртта күткен достары клуб ішіне кіріп сұрастырады, Рауанды көрдім-білдім деген адам жоқ.
"Измирде із-түссіз жоғалған қазақ баласына қатысты ақпар айта кетейін.
Рауан Дарханұлының жоқ болғанына бүгін 6-шы тәулік. Измирдегі “Горилла” клубында соткасын қалдырып, қазір деп кіріп сол күйі есіктен қайта шықпаған.
Қолында Қазақстан паспорты, қалтасында Каспий картасы бар.
Картадан ертеңіне 23/10 сауда жасағаны белгілі болды. Достары сол күні клубқа тағы іздеп келгенде соткасын тапты, өзін ешкім көрмеген.
Кеше Түркиялық студенттер чатында біреу “Табылды, түрік отбасында екен” деп еді өтірік болып шықты.
@kamransamedov89 “Еш жамандық, өлім көріп тұрғаным жоқ. Тірі, жүр дейді”.
Ең тамашасы, жер дөңгелек демекші Измир криминалдық полиция басшысы менің танысымның танысы болып шықты.
Түнде Рауан жайлы барлық ақпаратты бердім. “Жердің астына кіріп кетсе де таң атқанша табамыз!” деді.
Қазір Анадолы елі тәтті ұйқыда, таң атсын жақсы жаңалықпен бөлісемін, бұйыртса.
Ұл-қызын шет елде оқытып жатқан барша ата-ана тілекші болыңыздар.",- деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Жергілікті полицияға хабар берілді, анасы Раушан Измирге ұшып кетті. Мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкіліне хабар бердім, әзірге жауап жоқ.
Рауанның әлеуметтік желілерде парақшасы жоқ. Сотканы да сирек қолданатын дейді анасы Раушан. Өзімен бірге паспорты, Каспий картасы болған, деп қосты.
Loading...