Айсұлу Ыбрашева, зардап шегуші:
- Бір ер жігіт келіп, құйрығымнан қойып қалды. Бұрылып қарасам, қарындас кешіріңіз дейді. Күзетті шақырдым. Жанымдағы қыздар ол Артаев қой дейді. Ал анадай жерде достары ыржалаңдап, менің қолымды ұстап қалды. Ашуланып, ертең шағымданам деп айқайладым. Ол бұрылып келді де мені бетімнен қойып қалды.
Чемпионнан оңбай таяқ жедім деген Айсұлу Ыбрашева сол күні түнгі клубта өзінің құрбысымен болған екен. Айтуынша, Бақтияр Артаевтың жұдырығы сол жерде тиіпті. Жақ-сүйегіме зақым келді деп емхана жағалап жүрген бойжеткен полицияға да шағым түсіріп қойыпты. Қазір бұл іспен Астананың тергеушілері айналысып жатыр. Олар болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс те қозғағады. Ал даңқты боксшының өзі бойжеткенге саусағымның ұшын да тигізбедім деп азар да безер.
Бақтияр Артаев, Олимпиада чемпионы:
- Мен ол қызды танымаймын. Менің алдымда билеп тұр екен. Кедергі келтірген соң «әрі тұрыңыз»дегендей сәл ығыстырдым. Ол мен жаққа бұрылып боқтап аяғымен теуіп жіберді. Шынымыды айтайын, өзі айтпақшы, мен оның еш жеріне де тиіскен жоқпын.Келесі күні менің достарыма хабарласып: «Бақтияр маған хабарлассын деп жалыныпты». Хабарласып,кешірім сұрадым. Кездеспекші де болдық. Алайда, мен қайтара хабарласқанымда телефоны тұтқасын көтермеді. Ертеңінде БАҚ өкілдеріне «Артаев менің бетімді көгертті» деп сұхбат беріпті. Мен ол қыздың мұның бәрін қандай мақсатпен жасап отырғанын білмеймін.