Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.
Су басқан көшелерде құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар су сорғыту жұмыстарын атқаруда. 2017 жылдың 28 сәуірінде сағат 00:15-те Алматыда жауған мол жаңбыр салдарынан 60 су басу жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, 11 жеке тұрғын үйді су басқан, 37 ауланы және 9 көшені, «Азия» базары аумағындағы 3 нысанды, «Алматы Оптика» дүкені (Алмалы ауданы) мен «Ботагөз» жеке балабақшасы аумағын су басты. Алатау ауданындағы саманнан салынған баспана қирады. ТЖ департаменті мен Құтқару қызметі бірлесіп, су сорғыту жұмыстарын іске асырып жатыр. Оған 50 адам, 20 дана техника, 24 мотопомпа жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.