«Тұңғыш Президент Музейі» КҚ-ның делегациясы II архившілер Конгресіне қатысты

Конгрестің алғашқы жұмыс күнінде «Мұра институттары және қоғамның тарихи жадын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Пікірталасқа «Тұңғыш Президент Музейі» корпоративтік қорының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ақтаева Күлайша Қабдуалиқызы модераторлық етті. Ол іс-шараны «Мұра институттарының сындарлы әлеуеті» баяндамасымен ашты.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары тарихи жадты қалыптастырудың халықаралық тәжірибесін талқылады, өткенді түсіну мен тарихтан сабақ алуда мұра институттарының рөлін қарастырды, сондай-ақ болашақтың негізін құруға әсерін зерттеді.

Тұңғыш Президент Музейінің делегациясы архив ісінің өзекті мәселелеріне арналаған пікірталастар мен панельдік талқылауларға белсенді түрде қатысты. «Әлем жады» және «Білім беру мақсатында архивтік топтаманы пайдалану тәсілдері мен әдіснамасы» бағдарламалары бойынша ЮНЕСКО семинарына қатысқаны үшін Музей қызметкерлеріне сертификаттар берілді.