Тұңғыш Президент Музейі Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві мен Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасымен серіктестік жөнінде меморандумдарға қол қойды

Осы айда «Тұңғыш Президент Музейі» корпоративтік қоры Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві (ОМ КФҚДЖА) мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» Мемлекеттік мекемесімен серіктестік жөнінде меморандумдар жасасты.

Серіктестік:

    • музей қорын бірегей архивтік материалдармен және құжаттармен толықтыруды;

    • архив және кітапхана ісі саласында тәжірибе мен ақпарат алмасуды;

    • Қазақстан тарихы бойынша ғылыми жарияланымдар мен материалдар басылымдарын бірлесіп шығаруды;

    • тарих, архивтану ғылымы, библиография саласындағы мамандарға арналған ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізуді;

    • жалпы жұртшылық арасында Қазақстанның тарихи мұраларын танымал ету үшін бірлескен көрмелер мен іс-шаралар өткізуді көздейді.

Қол қойылған келісімдер Қазақстанның тарихи мұрасын зерделеу мен сақтауға кешенді көзқарасты дамытудағы маңызды қадам болып табылады, бұл оның болашақ ұрпақтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың желтоқсан айында Алматы мен Астана қалаларында «Дәуір жасампаздары / Замандастар» тарихи-мемориалдық жобасы аясында Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архивімен (ОМ КФҚДЖА) бірлесе отырып, «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты фото көрмесі мен кино апталығын өткізу жоспарлануда.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына Ұлттық кітап палатасымен бірлесіп, бірқатар іс-шаралар жоспарланды.