Осының әсерінен әйелдің денсаулығы нашарлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Петропавл қаласының 1962 жылғы тұрғыны әйелдерді қорғайтын топқа хабарласып, ішімдік әсерінен күйеуінің қандай жаман адамға айналғанын айтып берді. Ол жұдырықтағанымен қоймай, зорлық-зомбылықтың психологиялық түріне көшкен. Мысалы, түнде ұйқысынан айырған. Осының әсерінен әйел адамның денсаулығы құртылған», - деді полициядағылар.
Полиция жедел түрде әйелдерді қорғау орталығымен байланысқа шығып, оны тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарын қабылдайтын үйге орналастырды. Енді ер адаммен учаскелік инспектор жұмыс істейтін болады.
Мұнымен қатар, полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізетінін жеткізді. Қызметкерлер 2 мың адаммен сөйлесіп, әйелдерге өзін және балаларын зорлық-зомбылықтан қалай қорғау керегін түсіндіретін 3 мың буклет жіберген.