Тунисте лаңкестер Парламент ғимаратына басып кірді

Бетін тұмшалап алған бір топ адам Тунис парламенті мен Ұлттық мұражай орналасқан кешен аумағына баса көктеп кіріп, бей-берекет оқ жаудырған. Олар артынан келіп жеткен арнайы жасаққа қарулы топ біразға дейін беріспей, тегеурінді қарсылық көрсетті. Атыс кезінде 22 адам оққа ұшқан. Оның екеуі лаңкес. Қалған қаскөйлер күш құрылымдарының қолына тірідей түсті. Қазір қаладағы полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, көліктердің барлығы жіті тексерілуде. Тунистегі қауіпсіздік жағдайы Ливиядағы азамат соғысы салдарынан нашарлап кеткен. Себебі, ол жақтан қару-жарақ пен жауынгерлер көптеп келіп жатыр. 

Loading...