Өткен жылдың соңында белгілі әнші қалада өз көлігімен жүйткіп келе жатып “Лэнд Крузер”-ді бүйірден соққан. Жол таңдамайтын көліктің иесі ауыр жарақат алған-ды. Кейін Түнтеков осы апат үшін 40 күнге қамалған және сот шешімімен жапа шеккен тарапқа 4 миллион теңге төлеуі тиіс болатын. Алайда шығын сол күйі өтелмеген. Сот орындаушылары болса бір айдан бері Түнтековті таппай жүр. Енді сот әншіге шекара асуға тыйым салып отыр.