А. Абатовтың айтуынша, аталған бағдарламаға теңіз суына гидрометеорологиялық бақылау, гидрофизикалық және гидрохимиялық зерттеулер жасау , теңіз түбін зерттеу, гидробиологиялық зерттеулер кіреді.
Сонымен қатар, ол инженерлік-геологиялық іздестіру шараларын жүргізген кезде қоршаған ортаға тигізетін әсерінің бағасы бойынша, қысқа мерзімді қызмет барысында қоршаған орта құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайтындығын айтады. А.Абатовтың сөзіне қарағанда, ИГІ қоршаған ортаға әсер ету факторларын жіті сараптау, жоспарланған жұмыстардың "Солтүстік Каспий аймағындағы экологиялық жағдайға" және "Солтүстік Каспий аймағындағы арнайы экологиялық талаптарға" сәйкестігін байқатты .
Инженерлік-геологиялық іздестірудің ұсынылып отырған технологиясы Каспий учаскелерінде бірнеше мәрте сынақтан өткен, және экологиялық қауіптілігі өте төмен, деді экологиялық зерттеудер департаментінің менеджері. Апат салдарынан кері әсер беретін төтенше экологиялық жағдайдың туындау мүмкіндігі төмен, деді ол. "Қоршаған ортаға әсер ету деңгейі шектен шықпайды. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қоршаған ортаның жағдайына кері әсер ететін ештеңе жоқ",-деді А.Абатов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті