"Тур де Франс" көпкүндігінің 3-кезеңі аяқталды


Үздік үштікті Ромен Фейю (Vacansoleil) мен Хосе Хоакин Рохас ( Movistar) түйіндеді. Ал «Астана» велоклубының спортшылары арасынан ең жоғары нәтижені чех Роман Кройцигер көрсетті. Ол мәре сызығын 21-ші боп кесіп өтсе, команда көшбасшысы Александр Винокуров сөреге 56-шы боп келді. Бұған дейінгі сында Александр Винокуров 27-ші, Дмитрий Фофонов 28-ші, Роман Кройцигер 92-ші, Андрей Гривко 146-шы, Андрей Зейц -159-шы, Реми Ди Грегорио 177-ші, Томас Вайткус 184-ші, Максим Иглинский 185-ші боп мәре сызығын кесіп өткен еді.