Тур де Франста жарақат алған Александр Винокуровты қолдау ретінде Алматыда 24 шілдеде веломарш өтеді

А. Винокуров жарыста алған елеулі жарақаттан соң, қазір ауруханада жатыр.

«Велосипедшілер мен жанкүйерлер А. Винокуровты қолдау әрі саламатты өмір салтын дәріптеу мақсатында Алматы орталығында веломарш өткізеді», - дейді баспасөз қызметінен.

Шара қаладағы Абай және Момышұлы даңғылдарының қиылысынан таңғы сағат 9 – да бастау алады.

24-ші шілде халықаралық «Тур де Франс» көпкүндік веожарысының соңғы күні. Қазақстандық веложарыс «Астана» командасының капитаны А. Винокуровтың бұл соңғы жарысы болды. Бірақ ол 9-ші кезеңде елеулі жарақат алып, жарыстан шығып қалуына тура келді. Операциядан соң ол өзінің велоспортшы мансабын аяқтағанын мәлімдеді.