"ТұранӘлем" банкінің таза пайдасы биылғы жарты жылда 0,5%-ке өсті

2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда банктің жеке капиталының мөлшері 24%-ке өсіп 24,149 млрд. теңгені, активтері 64%-ке өсіп 292,389 млрд. теңгені, міндеттемелері 69%-ке артып 268,241 млрд. теңгені құрады. Ал банкте ашылған депозиттер көлемі 70%-ке артты.

Есепті мерзімде банктің жалпы кірісі 17,4%-ке артып 20,736 млрд. теңгені, шығындары 19,2%-ке өсіп, 19,070 млрд. теңгені құрады.
Еліміз бойынша маңдай алды үш банктің қатарындағы "ТұранӘлемБанкі" Moodys рейтингтік агенттігінің "Ba1" және S&P агенттігінің "тұрақты" деп болжанған"В+" рейтингіне ие.