ТұранӘлемБанкі Әблязовтың бизнес-жоспарларын қаржыландыруға атсалысу мүмкіндігін жоққа шығармайды

"Әблязовтың Ресейдегі жобаларына келсек, Сити-центр мен океанариум салу сынды жобалар Мәскеудегі ең таңдаулы жобаларға саналады. 3-5 жылға есептелген ұзақ мерзімді бұл жобалар табысты жүзеге асырылуда. Ал ТұранӘлемБанкінің оларға қатысуына келсек, бұл - коммерциялық мүддеге байланысты мәселе. Біз бұл жобаларды баршаға ортақ талапқа сәйкес стандартты инвестициялық жобалар ретінде қарастыратын боламыз",- деді Е.Тәтішев.

Ал ТұранӘлемБанкі басқармаларының төрағасы Сәдуақас Мәміштегінің атап көрсетуінше, М.Әблязовтың басты қызметі - банктің директорлары кеңесіне төрағалық жасау болмақ. М.Әблязов бұл қызметті атқару арқылы ТМД мен әлемдік рынокта көшбасшылық әлеуетке қол жеткізуге бағытталған банктің ауқымды жоспарларын жүзеге асыруға үлес қосатын болады. "Қазіргі жағдаймен ТМД - дүниежүзіндегі ауқымды даму аймағына айналды. Әлемде осындай бірнеше даму аймағы бар. Олар - Үндістан, Қытай, Азия және ТМД елдері мен АҚШ. Біздің есептеуімізше, осныау даму аймағы әлемдік экономикалық саясатта барған сайын ауқымды роль атқаратын болады. Егер сен ТМД аясында жетекші ойыншыа айнала алсаң, онда сенің капиталың мен жиынтық активтерің әлемдегі ірі қаржылық институттардың қатарына енуге мүмкіндік береді",- деді Е.Тәтішев.
Ол сонымен бірге М.Әблязовтың ТұранӘлемБанкіне акционер ретінде емес, жалдамалы қызметкер ретінде келгенін хабарлады. "Егер банк акционерлерінің құрамында өзгерістер болса, ол туралы біз хабарлайтын боламыз",- деді Е.Тәтішев