"ТұранӘлемБанкі" басқармаларының төрағасы абайсызда өлтіріп алу салдарынан өмірден озды деп бағалануда

Н.Барановтың айтуынша, зардап шегуші өз серіктесіне мылтықты беріп жатқан кезде оқ атылған. Н.Барановтың болжауынша, мылтықты қолдан-қолға беріп жатқан сәтте шүріппесі басылып кеткенге ұқсайды.

Қазір тергеу амалдары одан әрі жалғасып, қайғылы оқиғаның дәл қалай белең алғаны анықталу үстінде. Алматыдағы бір фирманың менеджері болып табылатын Е.Тәтішевтің досы әрі серіктесі қазір полиция сұрақтарына жауап беруде. Оған қатысты қандайбір шара қолданылған жоқ.