ТұранӘлемБанкі Citigroup пен Deutsche Bank ұйымдастырған 245 млн. доллардың синдикаттық несиесінің А траншын ұзартты

Бұл несие банк клиенттерінің сауда-саттық мақсатындағы операцияларын несиелендіру үшін пайдаланылады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ТұранӘлемБанкі жобаға жаңа инвесторларды тарту арқылы транш көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Қазір ТұранӘлемБанкі осы мақсатпен Таяу Шығыс пен Азиялық банктерге сапарлар жасаудың қарқынды бағдарламасын ұйымдастырып отыр. Бұл дүниежүзіндегі инвесторлар базасын арттыруға басымдық берген банктің ғаламдық саясатының бір құрамдас бөлігі.
Қазіргі жағдаймен ТұранӘлемБанкі Қазастандағы екінші ірі банкке саналады. Банк активтері 3 млрд. долларды (ТМД аясында 12-13 орында), капиталы 259 млн. долларды құрайды.