ТұранӘлемБанкі директорлары кеңесінің төрағасы болып Мұхтар Әблязов сайланды

ТұранӘлемБанкі директорлары кеңесінің бұрынғы төрағасы Серік Уәлиев басқа жұмысқа ауысуға байланысты қызметтен босатылды.

"Акционерлер бұл шешімге көптен бері дайындалды және ол туралы менімен келісті. Шешімді толық құптаймын. Мұхтар Қабылұлы - еліміз бен ТМД аясындағы бизнес ортада жоғары беделге ие мықты басқарушы. Оның банкке тың серпін әкелетіні анық. Өз басым жеке кәсіпкерлік жобаларымды жүзеге асыруға бел будым",- деді С.Уәлиев.
Ал М.Әлязов болса, ұзақ мерзімді күрделі мақсатарды алған қойып отырған ТұранӘлемБанкі тобының стратегиялық даму жоспарын жасауға атсалысуға ниет білдірді.
М.Аблязов 1963-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Түрлі мерзімдерде "Астана-Холдинг" АҚ мен КЕGОC ҰК-ларын басқарып, ҚР индустрия, экономика және сауда министрі болды. Бұл тағайындауға дейін "Еуразия" инвестициялық-өндірістік тобының президенті қызметін атқарды.